Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы Солнечный-2 шағын ауданында тағы 300 үйдің құрылысы басталды

Петропавлдағы Солнечный-2 шағын ауданында тағы 300 үйдің құрылысы басталды

24 сәуір күні Солнечный-2 шағын ауданында бастау алған 100 үйдің құрылысы 70%-ға аяқталды. Алғашқы үйлер 2024 жылдың маусым айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 8 мамыр күні осы шағын ауданда тағы 100 үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

200 тұрғын үй газоблоктан “Қазақстан халқына” қорының қаражаты есебінен салынуда. Ұйым осы мақсатқа 5 млрд теңге бөлді. Құрылыс алаңдарында шамамен 1200 адам жұмыс істеуде, жарты мыңнан астам техника жүр.

20 мамыр күні Солнечный-2 шағын ауданында қалған 300 панельді үйдің құрылысы басталды, олар осы жылдың тамыз айында тапсырылады. Демеушілер – Kaspi Bank АҚ және “Kazakhmys” корпорациясы.

Жұмысқа 150 адам кірісті. Сонымен қатар, құрылысшылар қосымша тартылатыны атап өтілді. Үйлерді салумен елордалық “Integra Construction KZ” ЖШС айналысады.

СҚО құрылыс басқармасының хабарлауынша, Солнечный-2 шағын ауданында барлығы 23 компания жұмыс істеп жатыр. Негізгі бөлігі СҚО-да орналасқан, екі мердігер Астана мен Теміртаудан шақырылды.

Shares