Петропавлдағы стадиондағы өрт кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті полицейлер қамтамасыз етті
16 қаңтар күні сағат 08:15 шамасында Петропавл қалалық ІІБ екінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Жастар» стадионында өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Хабарламаға сәйкес, футбол алаңы мен гараж өртенген, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Оқиға орнына 5 автопатруль, 20-ға жуық полиция қызметкері жіберілді, оқиға орнында полиция бөлімінің басшылығы да болды.
Кезекші бөлімнің хабарлауынша, эвакуация қажет болмаған. Полиция күштері қоршауды, жол қауіпсіздігін және 10 бірлік өрт сөндіру техникасының кедергісіз өтуін қамтамасыз етті.
Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Өрт сәтті ауыздықталды.