Петропавлдағы Жұмысшы кентінде мектептерді жөндеу және абаттандыру жүргізіледі
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығын аралау кезінде Жұмысшы кентінде орналасқан мектептерге барды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жуырда журналистермен кездесуде Жұмысшы кентіндегі оқу орындарының аумағын абаттандыру, жайлы демалыс орындарын құру мәселесі көтерілді.
“Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Былтыр 31 мектептің шатыры жөнделді. Биыл 42 мектепте күрделі жөндеу жоспарлануда, сонымен қатар білім ошағының аумағында тұрғындарға арналған көше тренажерлары, ойын және спорт алаңы орнатылады”,- деп жазды СҚО әкімінің баспасөз қызметі.
27 мектеп жанына футбол алаңы мен хоккей алаңы қойылып, ғимараттың қасбеті де жаңартылады. Жалпы, биыл облыс орталығындағы 6 мектепте күрделі жөндеу жүргізілмек.