Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдың 62 жастағы тұрғыны көмірқышқыл газынан уланды

Петропавлдың 62 жастағы тұрғыны көмірқышқыл газынан уланды

Пештің мерзімінен бұрын тоқтауы көміртегі тотығынан улануға себеп болды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, бүгін пешті пайдалану ережесін бұзу салдарынан көмірқышқыл газынан улану оқиғасы орын алған. 1963 жылы туған үй иесі зардап шекті.

«Көмірқышқыл газымен улануды болдырмау үшін отын толығымен жанып кеткенше түтін мұржасын жаппаңыз, пешті қараусыз қалдырмаңыз, мұржаларды бітелу мен сызаттардың бар-жоғын үнемі тексеріп отырыңыз, бөлмені желдетіңіз, көміртегі тотығы датчигін орнатыңыз», – деп хабарлайды СҚО ТЖД

Shares