Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдың кейбір шағынаудандарының тұрғындары уақытша сусыз қалды

Петропавлдың кейбір шағынаудандарының тұрғындары уақытша сусыз қалды

30 желтоқсан күні кешкісін облыс орталығында тұрғын үйлерде техникалық ақауларға байланысты ыстық және суық су өшірілді , деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Қызылжар су» ЖШС-нің хабарлауынша, сағат 18:20-да Су тазарту стансасының аумағында трансформатор апатты түрде сөнген.

«Нәтижесінде желілердегі су қысымы төмендеді. Қазіргі уақытта сорғы станциялары штаттық режимде жұмыс істеуде. Жүйені сумен толтыру және сумен жабдықтау желілеріндегі қысымды тұрақтандыру үшін біраз уақыт қажет. «Қызылжар су» ЖШС келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды!» делінген хабарламада.

Shares