Петропавлдық өрт сөндірушілер темекімен ұйықтап қалған әйелді құтқарды
13 қаңтарға қараған түні Петропавлдағы Жұмысшы кентінің Садовая көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлерді бірінде жайсыз жағдай болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі №4 өрт сөндіру бөлімінің мамандары оқиға орнына дереу арада жетті. Олар бірінші қабаттағы пәтерге кірді. Әйел адам диванда жатыпты, қасындағы жиһаз жана бастаған.
Өрт сөндірушілер 4 ш. м. аумақтағы өртті сөндіріп жатқанда, 10 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде 3 жасар бала да бар.
“Бақытымызға орай, 1968 жылы туған пәтер иесі тез қалпына келді. Оған медициналық көмек қажет болмады. Өрттің себебі қарапайым болып шықты. Сөндірілмеген темекімен ұйықтау – үйлер мен пәтерлерде болатын өрттің негізгі себепшісі. Статистикаға сәйкес, мұндай жағдайлардың басым көпшілігі қайғылы аяқталады”,- деп хабарлады СҚО ТЖД.