Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдық оқушылар хинкалиді және «Корзинка» пироженыйын дайындаудың құпияларын білді

Петропавлдық оқушылар хинкалиді және «Корзинка» пироженыйын дайындаудың құпияларын білді

Елде жарияланған Жұмысшы кәсіптер жылы аясында және кәсіби бағдар беру бағытындағы белсенді жұмыс шеңберінде Петропавл қаласындағы И. Дәутов атындағы Қызмет көрсету саласы колледжі 9 және 11-сынып оқушыларына арналған «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндіріс» мамандықтары бойынша қызықты шеберлік сабақтарын өткізді, деп хабарлайды QZ News.

Оқушылардың тәжірибелі оқытушылар мен колледж студенттерінің жетекшілігімен аспаздық өнер әлеміне еніп, өз қолдарымен нағыз туындылар жасауға бірегей мүмкіндіктері болды.

Шеберлік сабақтарының бағдарламасы аясында мынадай танымдық әрі тәжірибелік жұмыстар жүргізілді:

  • Шырынды хинкали дайындаудың құпиялары.
  • Ақуыз кремімен безендірілген «Корзинка» пирожныйын жасаудың сиқыры: оқушылар тәттілерді сәндеудің тәсілдерін меңгерді.
  • Тәтті тоқаштарды көркемдеп жасау өнері: оқушылар қамыр формалаудың әртүрлі тәсілдерімен танысып, ерекше пішіндегі тоқаштар дайындады.

Бұл шеберлік сабақтары жоғары сынып оқушыларына аспаздық дағдыларын кеңейтіп қана қоймай, сұранысқа ие жұмысшы кәсіптерімен танысып, болашақ мамандығын таңдауға да жақсы мүмкіндік берді.

Shares