Петропавлдық үш студент Қозыбаев университетінің қабырғасына сурет салды
Екінші курс студенттері Алина Кравцова, Карина Бендаравичус және Юлия Косоулина көпшілікті қуантты. “Дизайн” Бб бағдарламасының білім алушылары 5 корпустың қабырғасына туындыларын салып бітірді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Сюжеттің негізгі бағыты: Жер-Ана, Күн, Ай және ұлттық нақыш. Осыған дейін, олар № 1 ОК дәлізін безендірген. Айта кетейік, тың туындыларына таланатты қыздар үш күн уақыт жұмсады.
Дизайнерлер тобының тәлімгері – Қозыбаев университетінің операциялар, трансформациялар және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі Басқарма мүшесі Рашит Белгібаев
Студенттер қазірдің өзінде кампустың жаңа өнер кеңістігін таңдап отыр. Яғни, білім алушылар үзілісте осында келіп, тиімді уақыт өткізеді. Бұған сурет авторлары дән риза.
“Біздің жұмысымыз оң нәтиже көрсетті. Ынтамыздың арқасында, университетте тек мұрағаттар ғана емес, сонымен қатар, үлкен жетістіктерге жету үшін жаңа шабыт пен күш сыйлайтын туынды қалады”,- деп бөлісті Алина Кравцова.