Петропавлдықтар боранның салдарынан жарықсыз қалды
16:21 минутта “Солтүстік Қазақстан ЭЖТК” АҚ қызметкерлерімен электр жабдықтарында технологиялық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Облыстық әкімдік, “Рахмет” СҮ ауданында және Мичурино кентінде тұратын тұтынушылар электр қуатынсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстарына 3 бригада жұмылдырылды. Көптеген үйге электр қуаты қазірдің өзінде берілді. Шамамен 2 сағат ішінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстар аяқталады”, – деді акционерлік қоғам өкілдері.