Петропавлға Қызылордадан гуманитарлық көмек келді
Қызылордалық қоғам қайраткерлері, бизнесмендер мен “AMANAT” партиясының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмекпен 2 жүк көлігін жіберді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Азық-түлік, киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, гигиена және тұрмыстық химия заттары, төсек-орын, матрацтар мен сөмкелер түрінде қолдау көрсетілді. Келген заттар “Радуга” ЖШС қоймаларына еріктілердің күшімен түсірілді. Олар дереу арада ауылдар мен облыс орталығының мұқтаж тұрғындарына жеткізіледі.
“Азаматтардың сауалдары негізінде қажетті тізбе алдын ала жасалды. Бүгін жүк зардап шеккен аудандарға жіберіледі. Сын сағатта халық бірігіп, ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсетті. Осы кезеңде жерлестерімізді қолдаған әріптестерімізге алғысымды білдіремін”, – деді “AMANAT” партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.
Қызылордадан су тасқынынан зардап шеккен еліміздің 5 өңіріне гуманитарлық көмекпен жалпы 10 жүк көлігі жіберілді.