Полудиналық қыз “New Year’ s Stars 2023” жаңажылдық бал-фестивалінде тәж иегері атанды
17 желтоқсан күні Алматыда жыл сайынғы “New Year’ s Stars 2023” жаңажылдық бал-фестивалі өтті. Республикалық шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен барған балалар қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қазылар алқасының шешімі бойынша біздің жерлесіміз, Полудин орта мектебінің оқушысы Томирис Лопарева үздік атанды. Ол байқаудың басты тәжін және “Super Grand Prix” дипломын жеңіп алды. Сондай-ақ, қылықты қыз қазылар алқасы мүшелерінің дипломымен және таланты үшін бөлек дипломмен марапатталды.
Байқау үш негізгі кезеңнен тұрды. Мереке костюмдерімен шығу, шығармашылық нөмір және бал көйлектеріндегі дефиле. Байқаудың бірінші кезеңінде Томирис даналық пен әділеттілікті бейнелейтін “Самұрық” мифтік құсының бейнесінде шықты.
Шығармашылық нөмір арнайы орталық хореографының жетекшілігімен дайындалды. Томирис қазылар алқасының алдына жапон көбелегі кейпінде шықты. Ол “Би көбелегінің ұшуы” деп аталатын биді тамаша орындады.
Үшінші кезеңде барлық қатысушы өздерінің кешкі және бал көйлектерін көрсетті.
“Республикалық сахнада өнер көрсету өте қызықты әрі жауапты болды дер едім. Байқау өте керемет өтті. Мен Қазақстанның ең әдемі және талантты қыздарымен кездескеніме өте қуаныштымын. Бәрінен бұрын билегенде қатты уайымдадым, қозғалысты ұмытып, музыкадан қалыс қалудан қорықтым. Бірақ, мен жетістікке жеттім! Мен мұғалімдерімді, достарымды және мен үшін уайымдаған жандарды қуантқаныма ризамын. Мұғалімдеріме, достарыма және демеушілеріме алғыс білдіремін”, – деп Томирис Лопарева өз эмоциясымен бөлісті.