Прибрежное ауылында су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту үшін күштер әуе арқылы жеткізілді
Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное ауылына ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшақтарымен Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан ТЖМ қызметкерлері, Шекара қызметінің жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен еріктілер жеткізілді, деп хабарлайды QZ News.
Сондай-ақ, тікұшақтың жүк бөлігінде бөгетті нығайтуға арналған материалдар тасымалданды. Қазіргі таңда ауылда қорғаныс құрылымдарын күшейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жалғасуда.