Прокурорлар облыс мектептерінде әлімжеттік, тыйым салынған сайттарға кіру фактілерін және мұғалімдердің жалған дипломдарын анықтады
2023 жылы облыста кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуі тіркелді. Оқушылар заңды ондаған мәрте бұзған. Бұл – ұрлық, бопсалау, бұзақылық фактілері, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Бұл туралы облыстық прокуратурадағы ведомствоаралық кеңесте айтылды. Құқық қорғау органдарының тексерістері мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы және білім беру ұйымдарының жұмысындағы жүйелі проблемаларды әшкере етті.
“Прокуратурада құрылған кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтармен мектеп әкімшіліктері жасырған 8 әлімжеттік фактісін анықтады, олар бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар аудан мектептерінің информатика кабинеттерінде балаларды заңсыз әрекеттер жасауға итермелейтін материалдары бар тыйым салынған сайттарға қол жетімділік анықталды”, – деді СҚО прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.
Мұндай сайттардағы мазмұн әр адам өз қолымен қару-жарақ, есірткі және өзге де дүниелерді жасауға бағытталған. Тыйым салынған дереккөздерді Тайынша, М.Жұмабаев, Ақжар, Шал ақын, Мамлют және Айыртау аудандарының оқушылары қарады. Жасырын әлімжеттік фактілері облыс орталығының, Қызылжар, Мамлют және М. Жұмабаев аудандарының мектептеріндегі жоғары сыныптарда тіркелді.
Сонымен қатар, прокурорлар Есіл ауданындағы әлімжеттік ісін мысал ретінде келтірді. Аудан орталығы мектебінің әкімшілігі “жасалған қысымды” сыртқа шығармауға шешім қабылдаған, білім басқармасы мен полиция бөліміне не болғанын ешкім хабарламаған. Оқу орнының басшылығы тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, әкімшілік жауапкершілікке де тартылады. Облыс мектептерінде орын алған елеулі бұзушылықтар мұнымен шектелмейді.
“Айыртау ауданындағы мұғалімдердің бірінде білім туралы жалған дипломның болу фактісі анықталды. ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аяқсыз қалды. Себебі, қылмыстық жауапкершілікке тарту ұзақ уақыттың өтуіне байланысты тоқтатылды”, – деді СҚО прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.
Көптеген жылдар бойы бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеген мұғалім жұмыстан шығарылды. Мектеп әкімшілігі де жазадан құтыла алмайды, деп атап өтті прокурорлар. Тексеру барысында құқық қорғау органдары Жамбыл ауданында екі баланың екі жылдан астам мектепке бармағанын анықтады. Олардың ата-аналары ата-ана құқығынан шектеледі. Осы жайт бойынша іс жүргізу жалғасуда. Аймақтың мектептерінде терроризмге қарсы қорғау, өртке қарсы және санитарлық қауіпсіздік саласындағы көптеген бұзушылықтар сияқты. Облыс прокуратурасының мобильді топтары жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады.