Пышақ қолдану арқылы дене жарақатын салған петропавлдық қолға түсті
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірнеше рет сотталған петропавлдықты ұстады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қолда бар дерекке сүйенсек, қалалық кафелердің бірінде демалушылардың екі тобы арасында ауызша қақтығыс болған. Нәтижесінде қатысушылардың бірі пышақ жарақатын алған. Ол медициналық мекемелердің біріне жеткізіліпті.
“Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын бірнеше рет сотталған 27 жастағы Петропавл тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұстау кезінде ол әлі де мас күйінде болды”, – деп хабарлайды ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.