Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қалалық ТҮКШ бөлімі шыршаларды қоқыс жәшіктеріне тастамауды сұрайды

Қалалық ТҮКШ бөлімі шыршаларды қоқыс жәшіктеріне тастамауды сұрайды

Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Шыршаларды қоқыс жәшіктеріне тастамауларыңызды сұраймыз. Қоқыс жәшіктері тек қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналғанын естеріңізге саламыз», – делінген хабарламада.

Шырша ұсақ емес, ірі жүк санатына жатады. Оны шығару үшін арнайы ұйымға хабарласу керек, деп толықтырды қалалық ТҮКШ бөлімінің өкілдері.

«Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деп қосты ТҮКШ бөлімі.

Аталған бапқа сәйкес, тәртіп бұзушыларға ескерту жасалуы немесе жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Shares