Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қаланың санитарлық дәрігерлері ауыз судың сапасын тексеру жұмысын жалғастыруда

Қаланың санитарлық дәрігерлері ауыз судың сапасын тексеру жұмысын жалғастыруда

Қаланың санитарлық дәрігерлері Петропавл тұрғындарына Пестрое көлінен берілетін ауыз судың сапасын тексеру жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 16 сәуір күнгі қаулысымен суды гиперхлорлау басталды. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу шеңберінде басқарма 12 сәуір күні орталықтандырылған сумен жабдықтау көзінен 139 су сынамасын алды. Оның 83-і – теріс сынама. 11 оң сынама анықталды. 11 сынама лайлану және бос хлор бойынша санитарлық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейді”, – деді Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Данияр Оспанов.

Сонымен қатар, спикер ағын судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша оң сынамалар анықталмағанын айтты. Қазір 45 сынама тексеріліп жатыр. Әзірге олар туралы ақпарат жоқ.

Shares