Қаңтар айының соңына арналған болжам: СҚО-да ауа райы қандай болады?
Мамандардың айтуынша, қаңтардың үшінші онкүндігінде Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын болады, қар жауып, аяз күтіледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
24-28 қаңтар аралығында облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Шығыстан соғатын желдің күші 9-14 с/м, кей жерлерде екпіні 15-20 с/м жетеді. Бес тәулікте ауа температурасы түнде минус 15-25 градустан, күндіз 10-18 градусқа дейін көтеріледі.
«29 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында облыста жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады. Екпіні 9-14 с/м жетеді. Ауа температурасы түнде минус 15-20 градус, ал күндіз 7-15 градус болады. 31 қаңтарда жылыну күтілуде», – деп хабарлады «Қазгидромет» СҚОФ.