Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Қазақстан халқына» қоры СҚО-да үш спортзал мен балабақша салуға қаржы бөледі

«Қазақстан халқына» қоры СҚО-да үш спортзал мен балабақша салуға қаржы бөледі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесу өткізді. Кездесу барысында солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды QZ News.

Қордың қолдауымен өңірде денсаулық сақтау, білім беру, спорт және әлеуметтік қорғау салаларында жобалар іске асырылуда. Онкологиялық орталықта облыс бойынша алғашқы желілік үдеткіш орнатылды. Балалар ауруханасында оңалту орталығы ашылды. 13 тірек мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Үш спорт зал мен бір балабақшаның құрылысы жоспарланып отыр. 

«Бұл жобалардың барлығы өңірдің әлеуметтік дамуы үшін аса маңызды. Біз «Қазақстан халқына» қорымен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, өңіріміз үшін маңызды жобаларды іске асыра береміз», – деді өңір басшысы.

Shares