Қазақстан Халық партиясы филиалының мүшелері өткен жылды қорытындылады
Петропавлда С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Қазақстан халық партиясы» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шараға депутаттар, ҚХП Қоғамдық кеңес мүшелері, партия белсенділері, ардагерлер, жастар қанатының мүшелері қатысты. Жиында партия имиджін нығайту бойынша жүзегеасырылған жобалар жарияланып, оның әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету, азаматтардыңәл-ауқатын арттыруда жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі қызметінің қорытындылары шығарылды.
«Ауыл әкімдерін сайлауға біздің партиялықтар қатысып, үш адам жеңіске жетті. Олар ауылдық округтер мен Булаев қаласын басқарды. Партия мүшелері ауылдық мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысып, Руслан Асаубаев жеңіске жетті. Көптеген қоғамдық іс-шараларды, соның ішінде қоғамдастық жиналыстарын өткізді. Биыл партияның 20 жылдығын атап өтіп, 7 іс-шара өткізіп, Александр Азеговке Қазақстанның Құрметті азаматы атағын беруді сұрадық. Іс-шара барысында партияның белді мүшелеріне марапаттар табыс етілді», – деді «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ облыстық филиалы төрағасының орынбасары Болат Қожахметов.