Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының курсанттары Тепличное ауылы маңындағы бөгетті нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының курсанттары Тепличное ауылы маңындағы бөгетті нығайтуды жалғастыруда

24 сәуірге қараған түні Қызылжар ауданына қарасты Тепличное маңында су деңгейі бұрын салынған бөгеттің биіктігіне дейін көтерілді. Су тасқынының алдын алу және елді мекен аумағының су басу қаупін азайту мақсатында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының курсанттары жедел түрде қорғаныс бөгетін нығайту және биіктету жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Академияның баспасөз қызметі, деп хабарлайды QZ News.

Жұмыстар тәулік бойы екі ауысымда жүргізілуде, әр ауысымда 200 адамнан жұмыс істеп жатыр. Жұмысты Академия бастығы, полковник Артур Токушев басқарады.

Курсанттар инертті материалдармен қаптарды толтырып, бөгет бойына үздіксіз орналастыруды қамтамасыз етуде.

«Жеке құрамның үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында су тасқынының елді мекен аумағына таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. ҚР Ұлттық ұланының Академиясы су тасқыны жағдайын азайтуға белсенді қатысып, азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуді жалғастыруда», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares