Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстандағы үздік жедел жәрдем қызметкерлері СҚО-да еңбек етеді

Қазақстандағы үздік жедел жәрдем қызметкерлері СҚО-да еңбек етеді

Солтүстікқазақстандық медицина қызметкерлері жедел жәрдем бригадаларының екінші республикалық спартакиадасында бірінші орын алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Спартакиадаға Қазақстанның барлық облысынан командалар қатысқан. Қатысушылар шынайы жағдайларға байланысты сыналыпты. Мысалы, олар белгілі бір жағдайға сәйкес, бірнеше клиникалық жедел жәрдем станцияларынан өткен. Солтүстікқазақстандық команда құрамына мына мамандар еніпті: жедел жәрдем дәрігері, халықаралық нұсқаушы – Дастан Оразаев және фельдшерлер Әсет Қасенов пен Вадим Бойко.

«Бүгін Вадимнің бізбен жұмыс істеп жатқанына тура бір жыл болды. Міне, біз осындай мамандарды жинап жатырмыз»,- деп марқаяды облыстық жедел медициналық көмек орталығы директорының міндетін атқарушы Юрий Белоног.

Марқаюға себеп бар. Облыстық жедел медициналық көмек орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері адам өмірін бірнеше рет сақтап қалған алғашқы медициналық көмек көрсетудің жаңа әрі заманауи әдістерін жыл сайын меңгеріп тұрады.

«Биыл біз бірқатар тәсілді жұмысымызға енгіздік. Мысалы, перифериялық тамырлар болмаған сәтте, веноздық препараттарды енгізу қажет болғанда, біз оны сүйек ішіне қоямыз. Дәрігерлер мен жедел жәрдем фельдшерлерінен басқа бұл әдісті облыс бойынша ешкім қолдана алмайды.Сонымен қатар биыл трахеяның интубациясын енгіздік. Бұл процедураларды тек көп салалы ауруханалардағы реаниматологтар мен біздің фельдшерлер ғана істей алады. Қазіргі таңда біз коникотомияны енгізіп жатырмыз» – дейді Юрий Белоног.

Спартакиада жедел жәрдем қызметкерлері арасында аймақаралық ынтымақтастықты кеңейтуге де мүмкіндік берді. Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы табысты тәжірибелердің мысалдарымен бөлісті. Айтпақшы, келесі республикалық спартакиада жеңімпаз атанған СҚО-да өтеді. Бұл – қалыптасқан дәстүр.

 

 

 

Shares