Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады
Көктемнің алғашқы айы қысқа жұмыс апталарымен қуантады. Қазақтандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді – 8 наурыз және Наурыз мейрамы, деп хабарлайды QZ News.
Биыл Халықаралық әйелдер күні сенбіге түсіп, демалыс күні 10 наурыз дүйсенбіге ауысады. Осылайша, еліміздің тұрғындары келесі күндерде демалады:
- бес күндік жұмыс аптасында: 8, 9, 10 наурыз 2025 жыл – демалыс күндері;
- алты күндік жұмыс аптасында: 8, 9 наурыз 2025 жыл – демалыс күндері, 10 наурыз – жұмыс күні.
Наурыз мейрамы – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, өнімділіктің және достықтың мерекесі. Бұл күн көктемгі теңесумен сәйкес келеді. 22 және 23 наурыз сенбі мен жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады. Сонымен, Наурыз мейрамындағы демалыс кестесі келесідей болады:
- бес күндік жұмыс аптасында: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз 2025 жыл – демалыс күндері;
- алты күндік жұмыс аптасында: 21, 22, 23, 24 наурыз 2025 жыл – демаламыз, 25 наурыз – жұмыс күні.