Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстандықтар VIP-нөмірлерге 10 млрд теңгеден астам ақша жұмсаған

Қазақстандықтар VIP-нөмірлерге 10 млрд теңгеден астам ақша жұмсаған

Өткен жылы мамандандырылған ХҚКО-лар 30 мыңға жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірін берген. Олар үшін көлік иелері 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі  “Азаматтарға арналған үкімет” баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Жоғарғы сұранысқа ие нөмірлер үшін көлік иелері 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2022 жылмен салыстыратын болсақ, қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 7 млрд теңгеден асқан”,- делінген хабарламада.

Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.

2023 жылы ең жылдам сатылған нөмірлер мынадай екен: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707. Әр нөмірдің бағасы – 57 АЕК (2024 жылы 210 444 теңге).

VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.

Жалпы, өткен жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында республика бойынша 3,2 миллионнан астам көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі беріліпті.

 

Shares