Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстанға тауар әкелу тәртібі жеңілдетілді

Қазақстанға тауар әкелу тәртібі жеңілдетілді

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы әкелу кезінде жеке тұлғалар кедендік декларациясын тауардың қиылысу орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады. Жолаушылар кедендік декларациясын беру процесін жеңілдету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті “E-salyq Azamat” мобильдік қосымшасында модуль әзірледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Портал арқылы жеке тұлғалар орналасқан жеріне қарамастан, үйден шықпай-ақ жолаушылар кедендік декларациясын смартфон арқылы бере алады. Модуль әуежайларда, ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде, ішкі кеден бекеттері орналасқан жерлерде, Комитеттің электрондық ресурстарында жеке тұлғалардың жолаушылар кедендік декларациясын толтырғаны туралы жадынамалар орналастырылған.

«2022 жылғы шілдеде көліктік бақылау мен ақпарат алмасуды жүргізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілді. Осыған байланысты, осы бұйрық шеңберінде Департамент тауарларды жеткізу орындарында рұқсат бланкілерін тексеру бойынша жұмыс жүргізуде. 2022 жылғы тамыз кезеңінен бастап қазіргі уақытқа дейін 923 шетелдік автокөлік құралы және 759 отандық автокөлік құралы бойынша бақылау жүргізілді. 2023 жылы 12 Әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл ретте өндіріп алынған айыппұлдар сомасы шамамен 11 миллион теңгені құрады. Автокөлік құралдарымен тауарларды тасымалдау кезінде рұқсат құжаттарын ұсыну бойынша бақылау тұрақты негізде жүргізіледі», деп толықтырды СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов.

 

 

Shares