«Қазақстанға тұрақты энергия көзі қажет»: Өңірлік халықтық штаб мүшелері кезекті еңбек ұжымымен кездесу өткізді
АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшелері Болат Қожахметов пен Дмитрий Василенко Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті емханасының госпиталінде болды. Мұнда белсенді азаматтар еңбек ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар дәрігерлерге осы жексенбі – 6 қазанда өтетін бүкілхалықтық дауыс берудің маңыздылығы туралы жан-жақты айтып берді. Дәл осы референдум арқылы еліміздің энергетика саласының болашағы белгілі болады.
“Қазақстанда жылу электр станцияларының тозу көрсеткіші өте жоғары. Бүгінде ол шамамен 70%-ды құрайды. Жаңартылатын энергия көздері бар. Ол отандық нарықта небәрі 6,5%-ды құрайды. Қазақстанға тұрақты энергия көзі қажет. АЭС бұл міндетті өте жақсы атқарады. Тағы бір артықшылығы бар. Ол парниктік газдарды шығармайды, сондай-ақ біздің елімізге тұрақтылық береді”, – деді АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшесі Дмитрий Василенко.