Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Қазақстанға тұрақты энергия көзі қажет»: Өңірлік халықтық штаб мүшелері кезекті еңбек ұжымымен кездесу өткізді

«Қазақстанға тұрақты энергия көзі қажет»: Өңірлік халықтық штаб мүшелері кезекті еңбек ұжымымен кездесу өткізді

October 4, 2024 20:00

АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшелері Болат Қожахметов пен Дмитрий Василенко Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті емханасының госпиталінде болды. Мұнда белсенді азаматтар еңбек ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар дәрігерлерге осы жексенбі – 6 қазанда өтетін бүкілхалықтық дауыс берудің маңыздылығы туралы жан-жақты айтып берді. Дәл осы референдум арқылы еліміздің энергетика саласының болашағы белгілі болады.

“Қазақстанда жылу электр станцияларының тозу көрсеткіші өте жоғары. Бүгінде ол шамамен 70%-ды құрайды. Жаңартылатын энергия көздері бар. Ол отандық нарықта небәрі 6,5%-ды құрайды. Қазақстанға тұрақты энергия көзі қажет. АЭС бұл міндетті өте жақсы атқарады. Тағы бір артықшылығы бар. Ол парниктік газдарды шығармайды, сондай-ақ біздің елімізге тұрақтылық береді”, – деді АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшесі Дмитрий Василенко.

Shares