Қозыбаев университеті ыдырайтын биологиялық тағамдық қаптамалар әзірлеуде
Қозыбаев университетінің ғалымдары Sustainability Living Lab бағдарламасы аясында жетістікке жетті. Мамандар университет қауымдастығының жасыл зерттеу инновациялық жобаларын қолдау бойынша 1 300 000 теңге көлемінде қаржы алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
ЖОО-ға ғылыми жұмыс үшін қаржыны National Conservation Initiative корпоративтік қоры мен Назарбаев Университеті бөлді. Жобаға қатысушылар Агротехнология факультетінің аға оқытушысы Елена Ильдің жетекшілігімен балдырлардан ыдырайтын биологиялық тамақ қаптамасын жасаумен айналысады.
“Технология қазіргі экология үшін маңызды. Біздің қаптама полимерлі, целлофан пакеттерін пайдалануды азайтады. Балдырлардан жасалған қаптаманы жою оңай, ол ыстық суда ыдырайды. Жұмысымыз каррагенан атты табиғи гельден тұрады. Ол Қызыл теңіз балдырларын экстрациялау арқылы алынады. Эксперименттік зерттеулерден кейін арнайы формула әзірленді, сусымалы, құрғақ және басқа да бұйымдар үшін пайдаға жаратылатын табиғи қаптаманы өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтар мен материалдар сатып алынды”, – деді Қозыбаев Университеті Агротехнология факультетінің аға оқытушысы Елена Иль.
Алда ғалымдарды өндіріс технологиясын жетілдіру, қаптаманың беріктігін арттыру және адам ағзасына әсері бойынша зерттеулер күтіп тұр.
“Бірнеше тәжірибе жасап, тамаша консистенцияға қол жеткіздік. Мұндай жобаларда жұмыс істеу арқылы көкжиек кеңейеді, жаңа білім бойға сіңеді. Мен бұл еңбекті диплом, ғылыми мақалалар жазу кезінде пайдалана аламын”, – деді Қозыбаев Университетінің студенті Нина Кузнецова.
Университет зерттеушілері өз жұмыстарына патент алуды жоспарлап отыр.