Қозыбаев университетінің әскери кафедра студенттері ант қабылдады
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері запастағы офицер және сержанттармен толықты. Қозыбаев университетінің 99 студенті әскери ант қабылдады. Биылғы жастардың легі атаулы датаға тұспа-тұс келді. Биыл университеттің әскери кафедрасына 25 жыл толды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біздің әскери кафедра ашылғалы бері 3000-нан астам запастағы офицер мен сержантты дайындады. Түлектеріміз Қарулы Күштерде, Ішкі істер министрлігінде, ҰҚК-нің Шекара әскерлерінде және республиканың басқа да құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет етуде. Әр уақытта уақытта әскери ант әскери қызметтің негізгі және мызғымас заңына айналады. Оның мемлекеттік құқықтық құжат түріндегі күші бар және жауынгердің салтанатты анты болып табылады», – деп атап өтті басқарма төрағасы-ректоры міндетін атқарушы Рената Апергенова.
Кафедрада өткен жылдан бастап атқыш мамандығы бойынша запастағы сержанттарды даярлайтын бір жылдық оқыту жүргізіледі. Сондай-ақ, құрама қару бөлімдері мен аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша офицерлерді дайындайды. Бүгінде университеттің әскери кафедрасына 130-дан астам адам қабылданған.
Әскери кафедраның игі дәстүрін биылғы түлектер жалғады. Студенттер әскери-тактикалық дайындық, оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырды. Енді олар – Қазақстанның жұмылдыру резервінің мамандары.