Құрбан айт мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
Құрбан айт мерекесіне байланысты 6 маусым, жұма күні еліміз бойынша барлық ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар жабық болады. Бұл – халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ресми демалыс күні, деп хабарлайды QZ News.
Алайда 7 маусым, сенбі күні кезекші бөлімшелер жұмысын қайта бастайды. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды, ал арнайы ХҚКО-лар – 12:00-ге дейін, құжат беру сағат 13:00-ге дейін жалғасады.
Кезекші ХҚКО-лардың тізімін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Instagram парақшасынан немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.