Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Құрылысшыға екі айлық еңбекақысы мен пайдаланылмаған демалыс өтемақысы төленбеді

Құрылысшыға екі айлық еңбекақысы мен пайдаланылмаған демалыс өтемақысы төленбеді

Петропавл қаласының №2 сотына облыс орталығының тұрғыны еңбекақысын өндіру туралы талап арызбен жүгінді. Ол еңбек шартына сәйкес 2024 жылдың қарашa айына дейін ЖШС-да прораб болып жұмыс істеген деп хабарлайды QZ News

2025 жылдың қаңтарына дейін оған 2024 жылдың қазан және қараша айларының жалақысы мен пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төленбеген.

«Сот талқылауы барысында тараптар медиациялық келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді. Соттың ұйғарымымен тараптар арасында медиациялық келісім бекітілді, оған сәйкес жұмыс беруші белгіленген мерзімде талап қоюшыға еңбекақысын және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақысын төлеуге міндеттелді. Егер міндеттемелер тиісті түрде орындалмаса немесе мүлде орындалмаса, талап қоюшы заңда белгіленген тәртіппен атқарушылық парақ негізінде міндеттемелерді мәжбүрлеп орындату туралы сотқа жүгінуге құқылы. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады Петропавл қаласының №2 соты.

Shares