Құтқарушылар үш жастағы баланың анасына көмектесті
13 ақпанда күннің алғашқы жартысында құтқарушыларға облыс орталығының тұрғыны жүгінген. Ол пәтерден шыққанда сыртқы есік тарс жабылған. Ал іште қараусыз үш жастағы бала қалған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
“6 минуттан кейін Шухов көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісіне СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы келді. Жағдайды бағалай отыра бас құтқарушы Еділ Зикрин 5 қабаттан 4 қабаттың терезесіне түсіп, пәтердің есігін ашты”,- деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері бейінді орган құтқарушылары 26 есікті ашып, оның ішінде 9 жағдайда балаларға көмек көрсеткен. 13 ақпанда 3 есік ашылыпты. Нәтижесінде 1934 және 1937 жылғы 2 әжеге көмек көрсетілді.