Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Радзіма” беларусь мәдени орталығы 20 жылдық мерейтойын атап өтті

“Радзіма” беларусь мәдени орталығы 20 жылдық мерейтойын атап өтті

“Радзіма” беларусь мәдени орталығы биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мереке облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оның мүшелері облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысады, этносаралық келісім мен Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайту, сондай-ақ беларусь мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихы мен тілін сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді.

Мысалы, олардың бастамасы бойынша 2024 жылдың қаңтар айынан бастап №17 ұлттық өркендеу орта мектеп –кешенінің базасында балаларға беларусь тілін үйрететін бөлімше ашу жоспарлануда. Беларусь мәдени орталығына тек осы этностың өкілдері ғана емес, сонымен қатар беларусь мәдениетіне қызығушылық танытатын басқа ұлттар да кіреді.

“20 жыл бойы жұмыс істеп келеміз, осы орталықтың іргетасында тұрған адамдар әлі де бар, бүгін олар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, орталықтың мерейтойымен ҚР-дағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Утюпин Павел Владимирович құттықтайды, одан бізге құттықтау хаты келді”, – дейді беларусь мәдени орталығының төрағасы Мария Татаренко.

Shares