«Рахат» сауда орталығындағы өрт: полицейлер әсерлі фотолар мен видеолар үшін тұрғындарға төтенше жағдайлар қызметінің жұмысына кедергі жасамауды сұрайды
«Рахат» сауда орталығындағы өрт орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмысты жалғастыруда. Патрульдік полицейлер мен учаскелік полиция инспекторлары нысанды қоршауға алып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабарламадан кейін оқиға орнына келген патрульдік полиция батальонының бірінші экипажы қатты түтіннің шыққанын айтып, көмек сұраған. Оқиға орнына дереу 11 автокөлік патрульі мен 35 полиция қызметкері жіберілді.
«Тәртіп сақшылары өрт сөндіру құралдарының еркін өтуін қамтамасыз етті, оқиға болған жерді қоршауға алды, сонымен қатар сауда орталығы іргелес жатқан 9 қабатты ғимараттың төрт кіреберістің екеуінің тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті. Полиция автобусы түтінге оранған ғимараттан тез арада шығуға мәжбүр болған 30 адамды, оның ішінде балаларды алып кетті. Сондай-ақ жылжымалы эвакуация пункті ретінде патрульдік автокөліктер, ТЖД 2 «ауысымдық көлігі» және екі азаматтық автобус пайдаланылды», – делінген СҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына тәуекелге бармауды әсерлі фото және бейнероликтер түсіру үшін төтенше жағдайлар қызметінің жұмысына кедергі жасамауды сұрайды.