Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов Ойқала ықшам ауданындағы су тасқынының ауқымын бағалады

Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов Ойқала ықшам ауданындағы су тасқынының ауқымын бағалады

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қайықпен Ойқала ықшам ауданындағы су тасқынының ауқымын бағалады. Қазір шағын ауданның негізгі бөлігі суда тұр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Екі күн бұрын Есіл өзеніндегі су деңгейі төмендей бастады. Су кеткенде, Ойқала жабық «қазанның» күйін кешеді. Сондықтан бөгеттер арқылы су айдау үшін мотопомпаларды, сорғыларды және су айдау жабдықтарын барынша тарту қажет болады. Петропавл қаласының әкіміне бұл жұмысты қысқа мерзімде ұйымдастыруды тапсырдым”, – деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желіде.

Shares