Сайлау Өтеевті еске алу
Петропавлда белгілі қоғам қайраткері және саясаткер Сайлау Өтеевті еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды. Бұл азаматтың елдің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі өлшеусіз, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Сайлау Өтеев 1939 жылы 23 қарашада дүниеге келген. Еңбек жолын СҚО Боголюбово ауылында жүргізуші болып бастаған. 1964 жылдың қыркүйегінде Алматы ауыл шаруашылығы институтына агрономия факультетіне оқуға түсті. 1990 жылы Сайлау Ғаббасұлы 12 шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің депутаты болды.
Сайлау Ғаббасұлы 314 атқыштар дивизиясы көшесіндегі үйде 1994 жылдан бері тұрды. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына белгілі қоғам қайраткерлері, депутаттың туыстары мен әріптестері қатысты.
“Ол екеуміз бір үйде өстік. Мен “Ол менің ғана ағам емес, бүкіл халықтың ағасы” деп жиі айтатынмын. Қажырлы жұмыс істеді. Адамдардың игілігі үшін тырысты. Мектеп, клуб, фельдшерлік пункт салды. Сайлау бәріміз үшін сыйлы әрі қуаныш сыйлайтын адам болды”, – деді Сайлау Өтеевтің ағасы Қайрат Евниев.