Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Санитарлық дәрігерлер петропавлдықтар тұтынып жатқан судың сапасын тексеруде

Санитарлық дәрігерлер петропавлдықтар тұтынып жатқан судың сапасын тексеруде

Петропавл қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлайды, 2024 жылғы 12 сәуірде сағат 9:55-те “Қызылжар су” ЖШС-ның диспетчерлік орталығынан “СҚЭЖТК” ЖШС электр энергиясын ажырату және 1 көтерме сорғы станциясының ажыратылуына байланысты Петропавл қаласы бойынша су қысымының төмендеуіне қатысты ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қаланың санитариялық қызметі инфекциялық аурулардың өршуіне жол бермеу үшін жедел іс-қимыл жоспарын әзірледі.

“Ауыз суды бірінші кезектегі эпидемиологиялық маңызды объектілерге – ауруханаларға, мектептерге, балабақшаларға және басқа да объектілерге жеткізу кестесі ұсынылды және әзірленді. “Қызылжар су” ЖШС кестесіне сәйкес су тасқыны кезеңінде Петропавл қаласының әлеуметтік маңызы бар мекемелеріне ауыз су әкелу ұйымдастырылды. “Қызылжар су” ЖШС “ауыз су” деп жазылған 60 автомашина, тұтыну мақсатына арналған ауыз суды таситын 24 автокөлік және техникалық қажеттіліктерге арналған “техникалық су” жазбасы бар 38 автомашина бөлді”, – деді Петропавл қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Галина Шарипова.

Қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары “Қызылжар Су” ЖШС аумағында болды , зерттеу үшін су сынамаларын ала отырып, су таситын цистерналарға дезинфекция жүргізуді, алынған нәтижелерден кейін қауіпсіз сападағы суды одан әрі тасымалдау үшін бақылауды жүргізді. Су сынамаларын алу санитарлық-химиялық (қалдық хлор, қалдық алюминий, хром, лайлылық), бактериологиялық көрсеткіштерге жүргізілді.

“Қаланың санитарлық қызметі күн сайын су сынамаларын алуды ұйымдастырды, “Қызылжар Су” ЖШС аккредиттелген зертханасымен күн сайын және әр сағат сайын, сондай-ақ СҚО ҰСО-мен “ОМЧ”, “ОКБ”, “ТКБ”, ротавирустар, сібір жарасы, тырысқақ, паразитологиялық зерттеулерге өндірістік бақылау шеңберінде бақылау жүргізеді, вирусологиялық зерттеулер және радиологиялық көрсеткіштер, санитарлық – химиялық зерттеулер-органолептикалық хром, РН хлоридтері, қаттылық, қалдық хлор, алюминий, нитрат, нитрит бәрі тексеріледі”, – деді Галина Шарипова.

Сәуірдің 12-14 аралығында санитарлық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге алынға су сынамалары гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келді. Қазіргі уақытта судың сапасын бақылау жұмыстары үнемі бақылауда.
Халық техникалық суды пайдалану кезінде тек техникалық қажеттіліктер үшін – жеке мақсаттарды сақтау арқылы пайдалану қажет. Сала мамандары мұның бәрі адам өміріне тікелей

Shares