Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сақтаған Сәдуақасов – Қызылжар ауданының әкімі

Сақтаған Сәдуақасов – Қызылжар ауданының әкімі

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Сақтаған Кәкімбекұлы Сәдуақасов Қызылжар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Осы тағайындауға дейін «AMANAT» партиясының Астана қаласы бойынша филиалының атқарушы хатшысы болды.

Сақтаған Сәдуақасов Ақмола облысы Тассуат ауылында туған. Білімі бойынша тарих пәнінің оқытушысы болып табылады. 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Сақтаған Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласының ішкі саясат департаменті талдау және мониторинг бөлімінің маманы қызметінен бастады, мұнда 2009 жылға дейін жұмыс істеді.

2009 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында жұмыс істеді. Сондай-ақ, әр жылдары Nur Otan партиясының орталық және қалалық филиалында әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Nur Otan партиясы Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау меңгерушісі болып еңбек етті. Сақтаған Сәдуақасов қарапайым маманнан басшылық лауазымдарға дейінгі жолдан өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Shares