Сергей Мелехов СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінен кетті
СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов лауазымынан кетті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды QZ News тілшісі. Ол аталған лауазымды қызметте 4,5 жыл жұмыс істеді.
Сергей Мелеховтың жазуынша, 5 қараша – оның облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымындағы соңғы жұмыс күні.
“Осы уақыт ішінде маған өңірдің үш әкімімен – Құмар Іргебайұлы Ақсақаловпен, Айдарбек Сейпілұлы Сапаровпен және Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовпен жұмыс істеу бақыты бұйырды. Олардың қолдауы арқасында біз өңірдегі спортты дамытуда көп нәрсеге қол жеткіздік. Алға жылжу да, құлдырау да болды, бірақ ең бастысы солтүстікқазақстандық талантты спортшылар шықты, олар қазақстандық спорттың тарихын өзгертетіндей үлес қосып жатыр”, – деп жазды Сергей Мелехов.
Жазбасында ол республикалық және халықаралық деңгейдегі чемпионаттарда өнер көрсететін спортшылардың нәтижелерін атап өтті.
“Бүгінде 450-ден астам солтүстікқазақстандық Қазақстан құрамасының құрамына кіреді, олар облыс пен елдің намысын әлемдік аренада қорғайды. Жетістіктердің ішінде – еркін күрестен Нұрқожа Қайпановтың әлем чемпионатындағы жеңісі, бокстан Наталья Богданованың қоласы, грек-рим күресінен Ислам Евлоевтың әлем чемпионатындағы жеңісі және велоспорттан Алексей Луценконың Азия ойындарындағы жеңісі. Паралимпиада ойындарында да ерекше жетістіктер бар: Александр Герлиц 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болып, СҚО-ның алғашқы паралимпиада жүлдегері атанды, ал Ербол Хамитов паралимпиада жарысынан әлем чемпионы атанды. 20 жастағы Ризабек Айтмұхан – Уәлиханов ауданының тумасы, ол Албанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы да чемпион атанды”, – деп жазды Сергей Мелехов.
Жазбада өңір спортшыларының қолдауы да атап өтілді.
“Оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуға қаражат бөлінеді. Жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар ай сайын стипендия алады. Биыл өңірдің 98 спортшысына ақшалай қаражат төленеді, ал халықаралық жарыстарда лайықты өнер көрсететіндерге тұрғын үй ұсынамыз”, – деп жазды Сергей Мелехов.
Өңірдің спорт саласы берік және біртұтас деп сенімді түрде айтуға болады. Біздік қыз-жігіттер жарыстар ғана бас біріктірмейді.
“2024 жылғы су тасқыны кезінде спортшылар мен спорт мекемелерінің қызметкерлері қарап қалған жоқ: олар адамдарды эвакуациялауға, қорғаныс үйінділерін салуға және зардаптарын жоюға көмектесіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Бұл іс-әрекеттер солтүстікқазақстандық спорт рухының қаншалықты күшті екенін көрсетеді. Осы лауазымдағы жұмысымды аяқтағаныма қарамастан, бұл біздің өңір үшін жаңа кезеңнің бастауы деп сенемін. Жаңа басшы спортты дамытуды жалғастырып, Қазақстанның ең үздік спорт өңірлерінің бірі ретінде СҚО мәртебесін сақтап қалады деп үміттенемін!” – деп қорытындылады Сергей Мелехов.
QZ News редакциясы Мелехов Сергей Владимировичке барлық бастамаларында сәттілік және одан әрі кәсіби өсу тілейді!