Серік Мұхамедиев «Ашық есіктер күні» шарасын және халықпен кездесу өткізеді
20 желтоқсан күні сағат 10:00 Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевпен және қалалық мемлекеттік органдардың басшыларымен С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ғимаратында «Ашық есіктер күні» өткізіледі. Ал 22 желтоқсан күні сағат 12.00-де дәл осы кітапхана ғимаратында қала әкімінің халықпен кездесуі өтеді, деп хабарлайды. QZ Media тілшісі.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тұрғындар кездесуге Instagram және Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде қатыса алады.
“Өз ұсыныстарыңызды, сұрақтар мен пікірлеріңізді ағымдағы жылғы 20-22 желтоқсан аралығында «Есеп беру кездесулері 2023» Telegram-бот қосымшасында (http://t.me/Otchetnye_vstrechy_2022bot) қалдыра аласыздар. Сонымен қатар, кездесу өткізу күні сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі онлайн көрсетілім кезінде 109 телефон нөмірі бойынша «Ikomek» ситуациялық орталығында арнайы анықтама қызметі, 8 778 566 14 04 нөмірімен Whatsapp және «Есеп беру кездесулері 2023» Telegram-бот жұмыс істейтін болады. Тұрғындардың ұсыныс-тілектері толық аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы және телефон нөмірі көрсетілген жағдайда ғана қаралады”,- делінген хабарламада.