Серік Мұхамедиев Петропавлдағы әлеуметтік бейімдеу орталығында болды
21 қыркүйекте Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығында болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Орталық 50 төсек-орынға шақталған. Қазір мұнда 37 адам бар. Орталықта бейімделу мерзімі – 1 жыл. Қазір нысан қауырт маусымға деген толық дайындықтан өткен.
Сондай-ақ, әкім тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған баспанадағы жөндеу жұмыстарының аяқталу барысымен танысыты. Нысанның жылыту маусымына дайындығы мен аталған санаттағы азаматтарды қабылдау барысы бағамдалды.
Суық мезгілде тұрғын жай 18:00-ден 10:00-ге дейін, ал жылы мезгілде 21:00-ден 9:00-ге дейін жұмыс істейді.