Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Серік Мұхамедиев Петропавлдағы әлеуметтік бейімдеу орталығында болды

Серік Мұхамедиев Петропавлдағы әлеуметтік бейімдеу орталығында болды

September 22, 2023 12:08

21 қыркүйекте Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығында болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Орталық 50 төсек-орынға шақталған. Қазір мұнда 37 адам бар. Орталықта бейімделу мерзімі – 1 жыл. Қазір нысан қауырт маусымға деген толық дайындықтан өткен.

Сондай-ақ, әкім тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған баспанадағы жөндеу жұмыстарының аяқталу барысымен танысыты. Нысанның жылыту маусымына дайындығы мен аталған санаттағы азаматтарды қабылдау барысы бағамдалды.

Суық мезгілде тұрғын жай 18:00-ден 10:00-ге дейін, ал жылы мезгілде 21:00-ден 9:00-ге дейін жұмыс істейді.

Shares