Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Серік Мұхамедиев су тасқынынан зардап шеккендерге төлем алу үшін құжаттар жинау жайлы айтты

Серік Мұхамедиев су тасқынынан зардап шеккендерге төлем алу үшін құжаттар жинау жайлы айтты

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев Косогор ауданының тұрғындарымен кездесті. Онда үлкен судың әсерінен ондаған отбасы үйсіз қалды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бұл – су тасқынынан зардап шеккен аудандардың бірі. Апаттан зардап шеккен барлығы 1000-нан астам үй бар. Адамдар эвакуациялық пункттерге және туыстарына орналастырылады. Әлеуметтік көмекке және біржолғы төлемге құжаттарды қабылдау басталды. Мен өз тарапымнан тапсырма бердім. ТЖ анықтамасын алу үшін тұрғындарға мамандарға барудың қажеті жоқ. Тиісті деректер комиссия қызметкерлерінің қолында болады. Өзіңізбен бірге алып келетін дүние – жеке куәліктің көшірмесі, банктік шоттың деректемелері және жылжымайтын мүліктің болуы туралы анықтама. Барлық жұмысты барынша жылдам әрі қарапайым етуге тырысамыз”, – деп жазды қала әкімі әлеуметтік желілерде.

Серік Мұхамедиевтің пікірінше, табиғи апат қаламыздың қаншалықты біртұтас екенін көрсетті, көбісі бөгеттерді нығайтуға, адамдарды эвакуациялауға және гуманитарлық көмекті таратуға көмектесіп жатыр. Шаһар басшысы азаматтарға сенім, қолдау және батылдық үшін алғыс айтты.

Shares