Серік Мұхамедиев ҰОС ардагері Василий Макиенконы 98 жасқа толуымен құттықтады
ҰОС ардагері Василий Васильевич Макиенко 98 жасқа толды. Қала әкімі Серік Мұхамедиев ардагермен жолығып, құттықтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Василий Васильевич 1926 жылы 24 қаңтарда Есіл ауданы Волошинка ауылында дүниеге келген.
17 жасында майданға шақырылды. Ол 44-ші батыс атқыштар полкінде, үшінші Беларусь майданындағы 142-ші атқыштар полкінде, 317-ші гвардиялық атқыштар полкінде және 103-ші гвардиялық атқыштар полкінде қызмет атқарды, бөлім командирі, старшина болды. Василий Васильевич әкесімен бірге соғысқан. Бірақ, әртүрлі полкте болыпты.
Ол 2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Кенигсбергті алғаны үшін”, “Германияны жеңгені үшін” медальдарымен және басқа да дүниелермен марапатталған. Елге оралғаннан кейін су саласында еңбек етті. 1960 жылы зейнетке шықты.
Ардагердің үш қызы бар, жиен мен жиеншар сүйіп отыр. Қазіргі таңда қария жасына байланысты ауруханада емделуде.