Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Севказэнерго” АҚ Петропавлда жарықтың сөнуіне қатысты түсініктеме берді

“Севказэнерго” АҚ Петропавлда жарықтың сөнуіне қатысты түсініктеме берді

13 сәуір күні Петропавлдың кейбір бөліктерінде электр энергиясын беру бойынша проблемалар туындады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Севказэнерго” АҚ әлеуметтік желілер арқылы жарықтың сөнуіне қатысты түсініктеме берді.

“Речпорт ауданында су тасқыны салдарынан ТКШ теңгеріміндегі 110 кВ электр беру желісінің тірегіне зақым келді, нәтижесінде Петропавлдың бірнеше шағын ауданында электр энергиясы ішінара ажыратылды. “Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ бригадалары электрмен жабдықтауды қалпына келтіруде. Технологиялық бұзушылық аса күрделі емес. Дүрбелеңге түспеулеріңізді сұраймыз”, – делінген “Севказэнерго” АҚ хабарламасында.

Shares