Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Севказэнерго” АҚ қызметкерлерінің тапшылығына байланысты Петропавлда коммуналдық қызметтердің тарифтерін өсіре ме?

“Севказэнерго” АҚ қызметкерлерінің тапшылығына байланысты Петропавлда коммуналдық қызметтердің тарифтерін өсіре ме?

“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-да 2,5 мың қызметкерге 500 бос жұмыс орны бар. Негізгі фактор – төмен жалақы. Мәселе тарифтердің ұлғаюы және еңбекақы қорының тиісті өсуі есебінен шешіледі, алайда монополист пен бейінді департамент мұндай күрт шараға бара алмайды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«AMANAT» партиясының СҚОФ жанындағы өңірлік даму жөніндегі кеңестің отырысында «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасын іске асыру мәселесі талқыланды. Жиын барысында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский еңбекақы төлеу қорын жаңа тарифтік бағдарлама шеңберінде емес, өз бюджеті есебінен қалыптастыру тиімдірек екенін жеткізді.

«Біз жалақаны «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы аясында көтердік. Әр кәсіпорынның бюджеті әртүрлі. Мәселен, СҚ ЭТК-тің 2023 жылға арналған еңбекақы төлеу үшін жоспарланған бюджеті 2 миллиард 100 миллион теңгені құрады. Орташа жалақы 176 мың. Қаражат жыл басында жоспарланған. Біз оның барлығын шамамен шілде айына дейін төлеп келдік. Ал «тарифтік» смета бойынша жыл басында 120 мың теңге болған, қазір – 156 мың теңге. Түптеп келгенде, бюджетте нақты жоспарланған қаржыны төлеу үшін бізге «тариф» жеткіліксіз»,- деп атап көрсетті Анатолий Казановский.

Бір сөзбен айтқанда, жалақыны «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы арқылы төлеу кәсіпорын үшін тиімсіз. Яғни, шығын болып саналады. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановскийдің сөзіне қарағанда, бұл еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ санауы бойынша өндірістік персоналдың орташа жалақысы кемінде 210 мың теңге болуы тиіс.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысовтың айтуынша «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы бойынша еңбекақы төлеу қоры компания бюджетінің 6% құрауы тиіс. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ үшін бұл бөлік қызметкерлердің жалақысын арттыру жеткіліксіз. Аталған мәселені шешу және инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету бойынша жұмыс 2 кезең бойынша жүргізілетін болады.

«Біз тарифті шілденің 1-інен бастап көтердік. Бұл – жалақыны және инвестициялық құрамдас бөлікті ұлғайтуға мүмкіндік берді.Енді 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жалақы мен қосымша инвестициялар деңгейі де қайта қаралатын болады. Жалпы, тариф деңгейі жыл сайын өзгереді. Біз оны жақсы білеміз. Сондықтан тұтынушылардың қалтасына салмақ түсірмеу қажет. Барлығы 3-4 жылда кезең-кезеңімен шешілетін болады», – деді Дамир Тоқтамысов.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Петропавлда жылу желілерінің тозу деңгейі 74,6%, ЖЭО жабдықтарының тозуы – 53,5%, сумен жабдықтау – 58%, су бұру – 61,7%, электр желілерінің тозуы – 81,7% құрап отыр.

Shares