Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Смирново ауылында газ-ауа қоспасы жарылып, қыз бала көз жұмды

Смирново ауылында газ-ауа қоспасы жарылып, қыз бала көз жұмды

2023 жылғы 8 желтоқсанда сағат 15:00 шамасында Аққайың ауданының орталығында орналасқан өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне тұрғын үйлердің бірінің пәтерінде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Соққыдан үйдің терезелері сынып, ғимаратқа зақым келді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Басты шығын – 12 жасар қыз баланың қайтыс болуы. Сондай-ақ, 22 жастағы жігіт зардап шекті, ол орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

“ТЖ орнына облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың өкілдері барды. 17:03 жану тоқтатылды. ТЖ жоюға СҚО ТЖД жеке құрамының 4 техникасы мен 15 адамы, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Себептер мен залал анықталуда”,- деп атап өтті СҚО ТЖД.

 

Shares