Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысында 200 оқушы Президенттік шыршаға қатысты

Солтүстік Қазақстан облысында 200 оқушы Президенттік шыршаға қатысты

Жаңа жыл қарсаңында Петропавлда Оқушылар сарайында жыл сайынғы дәстүрлі Президенттік шырша өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Салтанатты іс-шараға өңірдің түкпір-түкпірінен 200 бала жиналды. Айта кетейік, шыршаға көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ оқуда үздік жетістіктерге жеткен балалар қатысты. Балдырғандарды облыс әкімі құттықтады.

«Жаңа жылдық шыршаға қош келдіңіздер! Біз бәріміз осы әсем, жарқыраған шыршаның жанында жиналып, жаңа жылды қарсы алуға дайынбыз. Бұл қуаныш пен ғажайыптарға толы мереке барша балаларды осы келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын. Аман болыңыздар, бақытты болыңыздар! Білімдеріңіз жақсы болып, еліміздің білімді азаматтары болыңыздар, өсіңіздер» – деп құттықтады СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов

Президенттік шыршаға шақырылған мектеп оқушылары костюмдерге ерекше мән берген. Биыл дәстүрлі мерекеге ұлттық нақыштағы киіммен келгендер көп болды. Шал ақын ауданынан келген 12 жасар Дина Боговик тұлпар образында киінген.

«Бұл түркі мифологиясындағы көктегі жылқы. Костюмді жасауға маған мектепте көмектесті, ата-анам да атсалысты. Маған көйлегімдегі өрнек, сонымен қатар қанаттар өте ұнайды», – дейді Президенттік шыршаға қатысушы Дина Боговик.

Мерекеден бір күн бұрын ең жақсы жаңа жылдық костюмге байқау өтті. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

«10 бала жүлделі орындарға ие болды. Гран-при «Бәйтерек» костюміне бұйырды. Оны Ғ.Мүсірепов атындағы аудандағы Ломоносов түзету мектебінің оқушысы дайындаған. Жылдан-жылға костюмдердің әдемі әрі қызықты болып келе жатқанын көріп жүрміз. Кеше балалар қуыршақ театры мен облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына барды», – деді СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова.

Мереке ойын-сауық бағдарламасынсыз өтпейді. Балаларға облыс орталығының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті, сонымен қатар оларға «Қар ханшайымы» ертегісі желісінде қойылым көрсетілді. Мерекеден кейін мектеп оқушылары облыс әкімімен бірге суретке түсті. Әр оқушыға планшет, кітап, тәтті сыйлық және Мемлекет басшысының құттықтаулары жазылған ашық хаттар табыс етілді.

Shares