Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша СҚО бойынша «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 5 желтоқсанда облыстың батысы мен солтүстігінде түнде сырғыма жүреді, көктайғақ болады, күндіз бұрқасын,көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
6 желтоқсанда облыста қар жауады деп күтілуде. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында синоптиктер боран мен көктайғақ болады деп болжап отыр. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 5-6 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
«Полиция департаменті ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді жолдарда өте сақ болуға, жылдамдықты, қажетті қашықтықты сақтауға, ұзақ сапарлар мен жаяу жүруден бас тартуға шақырады», – дейді СҚО ПД