Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысында халық саны 530 мың адамнан асты

Солтүстік Қазақстан облысында халық саны 530 мың адамнан асты

2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша облыс халқының саны 532 мың 700 адамды құрады. Оның 259 мың 300-і – қалада, ал 273 мың 400-і ауылдық елді мекендерде тұрады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 2800-ге жуық сәби дүниеге келген. 1420 ұл және 1371 қыз бала өмір есігін ашты. 2023 жылдың 6 айында 1380 неке тіркелген. АХАЖ мәліметінше, биыл өңірде 310 ажырасу орын алыпты.

Сондай-ақ, көрсетілген мерзімде 2923 солтүстікқазақстандық қайтыс болды. Адамдардың өліміне негізгі себептері қан айналымы жүйесі, тыныс алу мүшелері, ас қорыту, ісік аурулары, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттар болып табылады. Облыс бойынша өлім көрсеткіші 11,06 промильді құрайды.

 

Shares