Солтүстік Қазақстан облысында түзету мекемесінде еңбек ететін үздік жасақ бастығы мен психолог таңдалды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде №48, 50, 51, 52 және 66 ведомстволық бағынысты мекемелердің атынан 5 психолог пен 5 жасақ бастығының қатысуымен “Үздік жасақ бастығы”, “Үздік пенитенциарлық психолог” және “СҚО бойынша ҚАЖД үздік СТжӘПЖБ” атақтарына конкурс өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Мұндай республикалық байқау алғаш рет 2018 жылы Астана қаласындағы ҚАЖ комитетінің бастамасымен, кейін 2019 жылы СҚО бойынша ҚАЖД №50 мекемесінің акт залының қабырғасында және 2022 жылы Шырақбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ академиясының базасында өткізілді. Айта кету керек, 3 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері 1 орын алып, үздік болып шықты.
Қазылар алқасы ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері, “М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті” КЕАҚ “Педагогика және психология” кафедрасының аға оқытушылары, сондай-ақ педагогика және психология кафедрасының 30-ға жуық студенті шақырылды.
“Жыл сайынғы кәсіби байқау 5 кезеңнен тұрды: сәлемдесу, бейнеролик, медициналық дайындық/ ситуациялық мәселені шешу, кәсіби дайындық және құжаттаманы жүргізу / психологиялық практикум, ұйымдастырушылық қабілеттер. Әр кезеңде қызметкерлердің белгілі бір қасиеттері бағаланды”,- делінді СҚО бойынша ҚАЖД.
Конкурсты қорытындылау кезінде қазылар алқасы кәсіпқойлықты, сауаттылықты, сыртқы келбетін, шешім қабылдау жылдамдығы мен жауаптардың дұрыстығын, ұқыптылықты, өзін-өзі ұстау, коммуникабельділікті, ұйымшылдықты, жеңіске деген ерік-жігерді және шығармашылықты ескерді.
Қазылар алқасы мүшелерінің шешіміне сәйкес жүлделі номинациялар келесідей бөлінді:
- Үздік пенитенциарлық психолог – Данияр Шунгульшин, “№66 мекеме”;
- Үздік жасақ бастығы – Динара Ачетырова, “№50 мекеме”;
- СҚО бойынша ҚАЖД үздік СТжӘПЖБ – “№48 мекеме”.
Байқау соңында СҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Сүлейменов жеңімпаздарды жеке құттықтап, кубоктарды табыстады. Іс-шара қонақтары үшін №50 мекеме аумағы бойынша көрме экскурсиясы өткізілді.